Рақмет, бапкер!
07:00, 10/22/2026
«Жеңіс» футбол клубы бас бапкеріміз Владимир Слишковичтің отбасылық жағдайға байланысты қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Оның басшылығымен команда 9 матч өткізіп, 4 рет жеңіске жетті және 5 мәрте жеңіліс тапты. Бас бапкермен бірге командадан бапкерлер штабының мүшелері Омер Йолдич пен Младен Чучкович те кетеді.
Біз Владимирге атқарған еңбегі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз, сондай-ақ бұдан арғы бапкерлік мансабына сәттілік тілейміз! Рахмет, Владимир!