Антон Чичулин
08:00, 10/22/2026
«Жеңіс» футбол клубы осы маусымның соңына дейін командамыздың бас бапкері міндетін атқарушы болып, бұған дейін бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған Антон Чичулиннің тағайындалғанын хабарлайды.
Антон Чичулин – клубымыздың түлегі. Ол команда сапында 2000–2008 жылдары өнер көрсетіп, 130-дан астам матч өткізген. Жыл басынан бері клубтың жастар командасының штабында жұмыс істеп, жазда негізгі құрамға қызметке кіріскен болатын.
Антон Борисовичтің бапкерлер штабына жастар командасының бапкерлері Максим Азовский мен Александр Берг кіреді.
Бапкерлерімізге сәттілік тілейміз!