«Batumi Cup 2026» турнирінің күміс жүлдесі
07:00, 10/12/2026

Кеше Қазақстанның U-16 жасөспірімдер құрамасы «Batumi Cup 2026» халықаралық турнирінің күміс медальдарын жеңіп алды.
Бұл жеңіске бапкерлер штабында қызмет ететін біздің жаттықтырушыларымыз Олжас Туртулов пен Әнел Елеусізова, сондай-ақ қазіргі таңда ҚФФ Академиясында өнер көрсетіп жүрген ойыншымыз Жәңгір Серік те үлкен үлес қосты.
Осынау зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!