Виктория Кайсаринованы еске алу турнирі

11:30, 9/18/2026

Виктория Кайсаринованы еске алу турнирі
Бүгін біз өткен маусымда әйелдер командасының сапында өнер көрсеткен, 2025 жылдың 23 қыркүйегінде жол апатынан қайтыс болған футболшымыз Виктория Кайсаринованы еске алуға арналған бірінші турнирді өткіздік. Жарысқа біздің футбол орталығының тәрбиеленушілері, астаналық «Арыс» пен «Астана» командалары, сондай-ақ Қарағандының «Шахтер» клубынан келген қонақтар қатысты. Бұл күні бізбен бірге болып, қатысушыларды қолдау үшін Викторияның жақындары да келді. Бірінші турнирдің жеңімпазы атанған «Астана» тәрбиеленушілері тартысты өткен ойында «Шахтер» құрдастарын басым түсті. Бұл – бәріміз үшін өте маңызды оқиға, алдағы уақытта оны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Турнирге қатысушылардың барлығына, жаттықтырушыларға, ата-аналарға, ойыншыларға және әйелдер командасының бапкерлер штабына Викидің жақындарымен бірге өткізген осы жарқын күн үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Вика мәңгілікке жүрегімізде сақталады!