Адилио Сантос

08:00, 9/11/2026

Адилио Сантос
Құттықтаймыз, Адилио! Шебер жартылай қорғаушымыз Адилио Сантос Премьер-лиганың өткен турында өзінің клубтық карьерасындағы 250-ші ойынын өткізді! Бұл – жоғары кәсібилік пен тұрақтылықты дәлелдейтін үлкен белес. Адилио біздің команда сапында осымен үшінші маусымын өткізуде. Осы уақыт ішінде ол 74 ойынға қатысып, 14 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді. Алаңдағы табандылығың, креативті шешімдерің мен нәтижелі ойының үшін алғыс айтамыз! Тек алға!