ӘЛ. 18-турға шолу
15:30, 9/8/2026
«Б» конференциясының финалдық матчында қыздарымыз павлодарлық «Ертіспен» тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен ерікті жеңіске жетті. Бірінші таймда павлодарлықтардың қарымта шабуылынан гол жіберіп алған командамыз, екінші кезеңде ойын тізгінін өз қолына ала білді: бірінші доп Аяулым Талгаттың соққысынан кейін Зайнутдинованың өз қақпасына соғылып кеткен автоголынан соң түсті, ал матчың жеңіс нүктесін Камила Кульмагамбетованың берген пасын баспен ұрған команда капитаны Аделия Беккожина қойды.
Голдар:
- Зайнутдинова 50’ (АГ)
- Бекқожина 71’ (Кульмагамбетова)
14 қыркүйек күні сағат 12:00-де Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында плей-офф кезеңінің жартылай финалында қыздарымыз «А» конференциясының көшбасшысы – шымкенттік «БИИК» клубымен кездеседі. Командамызға сәттілік тілейміз!