Плей-офф!
16:00, 9/8/2026

Әйелдер арасындағы Қазақстан лигасында плей-оффқа шыққан әйелдер командамызды шын жүректен құттықтаймыз!
«Б» конференциясының финалдық матчында қыздарымыз павлодарлық «Ертіспен» тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен ерікті жеңіске жетті. Бірінші таймда павлодарлықтардың қарымта шабуылынан гол жіберіп алған командамыз, екінші кезеңде ойын тізгінін өз қолына ала білді: бірінші доп Аяулым Талгаттың соққысынан кейін Зайнутдинованың өз қақпасына соғылып кеткен автоголынан соң түсті, ал матчың жеңіс нүктесін Камила Кульмагамбетованың берген пасын баспен ұрған команда капитаны Аделия Беккожина қойды.
Плей-офф кезеңінің жартылай финалында қыздарымыз «А» конференциясының көшбасшысы – шымкенттік «БИИК» клубымен кездеседі. Командамызға сәттілік тілейміз!