Қош келдің, Алина!

07:00, 8/30/2026

Қош келдің, Алина!
«Жеңіс» футбол клубы қырғызстандық шабуылшы Алина Гапаровамен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдейді! Жас болғанына қарамастан, алаңдағы өткір әрі шешуші әрекеттерімен көзге түскен 19 жасар талантты форвард, енді сары-қара түсті жейдеде өнер көрсететін болады. Шабуыл шебіне жылдамдық, жаштық жігер мен жаңа серпін қосатын жас ойыншы біздің ұжымның алға қойған мақсаттарына жетуіне өз үлесін қоспақ. Қырғызстан ұлттық құрамасының мүшесі, карьерасында «Нур-Баткен», АФИМ, «Дончанка» және «Илбирс» командаларының намысын қорғаған Гапарова, қақпа алдындағы сәттерді тиімді пайдалана білетін, қорғаушыларға тыныштық бермейтін орталық шабуылшы. Елорда төрінде сәттілік, жарқын жеңістер мен жарақатсыз маусым тілейміз! Қош келдің, Алина!