QJ. 15-турға шолу
09:30, 8/28/2026
Атыраулық жастарға қарсы өткен 15-тур матчы 4:0 есебімен сенімді жеңісімізбен аяқталды, оның арқасында командамыз біріншіліктегі бірінші орынды сақтап қалды, алда басты қарсыласымыз – алматылық «Хан-Тенгриге» қарсы сырт алаңдағы ойын күтіп тұр.
Голдар:
- Малтықбай 45+2’ (Амандықов)
- Абай 59’
- Нұрлан 66’ (Горячих)
- Абай 77’ (Серікбаев)
Келесі ойынды жігіттеріміз 5 қыркүйек күні сағат 17:00-де Алматы қаласындағы «Хан-Тенгри» стадионында аталмыш командаға қарсы өткізеді.