Kali
07:00, 8/24/2026

«Жеңіс» футбол клубы өзінің жаңа досы – елордалық хип-хоп сахнасының жарық жұлдызы Kali-ді қарсы алады!
Kali (Алмас Қалиев) – Астананың ырғағымен тыныстайтын, өзіндік стилімен танылған рэпер. Оның шығармашылық жолында Capitall Music Group пен Musica36 (Скриптониттің бұрынғы лейблі) сияқты жобалар бар, ал қазіргі таңда ол танымал Hustle & Motivation Music лейблінің құрамында өнер көрсетеді.
Біз үшін ең маңыздысы, Kali – Malcolm Kush-пен бірге тікелей біздің клубқа арналған қуатты «1964» трегінің авторлары мен орындаушыларының бірі!
Енді біз бірге жанкүйерлерге жаңа эмоциялар сыйлап, ерекше жобаларды жүзеге асырамыз. Алда көп қызық бар!