QJ. 13-турға шолу
14:30, 8/21/2026
Freedom QJ League B аясында Шымкент жастарына қарсы өткен 14-тур матчы жанкүйерлерге шынайы эмоция сыйлап, маусымдағы алғашқы нәтижелі тең есеппен аяқталды – 3:3.
Бірінші тайм біздің команданың толық бақылауымен өтті: жігіттер үзіліске екі доп айырмасымен сенімді басымдықпен шықты. Алайда, екінші таймда алаң иелері бастаманы өз қолдарына алып, тайм ортасына қарай есепті теңестірді.
Бәсекенің шешуші сәті өте тартысты өтті. 90+2-ші минутта Шәріпбай алыстан керемет соққы жасап, командамызды алға шығарды – 3:2! Өкінішке қарай, жеңісті ұстап қалу мүмкін болмады: соңғы минуттардағы қорғаныстағы өкінішті қателік қарсыласқа есепті теңестіріп, бір ұпай еншілеуге мүмкіндік берді.
Голдар:
- Серікбаев 35’ (Малтықбай)
- Исмаилов 45+1’ (Серікбаев)
- Шәріпбай 90+2’ (Малтықбай)
Келесі ойынды біздің жігіттер 28 тамызда сағат 12:00-де «Астана Аренада» «Атырау» жасөспірімдер командасына қарсы өткізеді – баршаңызды стадионда күтеміз!