Қош келдің, Андрия!
09:00, 6/14/2026
«Жеңіс» футбол клубы хорватиялық шабуылшы Андрия Филиповичпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдейді!
Қазақстандық жанкүйерлерге «Атырау» мен «Ақтөбе» сапындағы голдарымен және нәтижелі ойындарымен жақсы таныс Андрия енді сары-қара түсті жейдеде өнер көрсететін болады. ҚПЛ-да 45 матч өткізіп, 17 мәрте мергендігімен танылған тәжірибелі 29 жасар форвард біздің шабуыл шебімізді күшейте түспек.
Хорватияның «Риека» және Италияның «Специя» академияларынан түлеп ұшқан, Словения чемпионы атанып, Өзбекстан мен Ирак біріншіліктерінде шыңдалған Филипович – шабуыл шебінің кез келген нүктесінде, орталықта немесе флангда бірдей қауіпті өнер көрсете алатын әмбебап футболшы.
Жаңа ойыншымызға елорда төрінде сәттілік, көптеген голдар мен жарқын жеңістер тілейміз! Қош келдің, Андрия!