Қош келдің, Патрик!

07:00, 6/13/2026

Қош келдің, Патрик!
«Жеңіс» футбол клубы ганалық қорғаушы Патрик Кпозомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдейді! Еуропалық додаларда ысылған және өзінің жылдамдығымен көзге түскен Патрик енді сары-қара түсті жейдеде өнер көрсететін болады. Сол қанаттағы қорғанысты да, жартылай қорғанысты да бірдей жауып, жоғары белсенділік танытатын тәжірибелі 28 жасар футболшы біздің ұжымды күшейте түспек. Гананың «Интернационал Аллиес» клубының түлегі, Швецияның «АИК» пен «Эстерсунд» ұжымдарында шеберлігін шыңдаған Кпозо молдавиялық «Шериф» сапында екі дүркін ел чемпионы және Кубок иегері атанған. Чехияның «Баник» клубынан ауысып келген және Гана ұлттық құрамасына шақырту алған қорғаушы команданың қорғаныс шебіне нағыз сапа әкелері сөзсіз. Жаңа ойыншымзға елорда төрінде сәттілік, сенімді ойын мен жарқын жеңістер тілейміз! Қош келдің, Патрик!