Қайсар – Жеңіс
13:00, 3/8/2026
«Сары-қаралар» үшін жаңа маусым ресми түрде басталды! Тура бір жыл бұрынғыдай, біз алғашқы турда қызылордалық «Қайсармен» кездестік. Бұл жолы ойын су жаңа «Қайсар Аренада» өтті.
Кездесу қос команда үшін де ауыр болды. Екі жақтың да гол соғатын мүмкіндіктері болып, қорғаныста да аянып қалмады. Бірінші таймның соңында қорғаныстағы қателіктен кейін алаң иелері есеп ашты.
Екінші тайм бойы Әли Әлиевтің шәкірттері шабуылмен болды. Қысым 84-ші минутта өз нәтижесін берді: команда капитаны Исламбек Қуаттың басымен жасаған пасынан кейін, алаң иелерінің қорғанысшысы Идрисов допты өз қақпасына соғып алды.
Матчтың соңғы секундтарында жаңа ойыншымыз Самсон Иеде жеңіс голын соғатын тамаша мүмкіндікке ие болған еді, бірақ «Қайсардың» қақпашысы шеберлік танытты. Қорытынды – тартысты ойын және чемпионаттағы алғашқы ұпай.
Бұл матчта клубымыздың жейдесінде алғашқы ресми ойындарын өткізгендер: Александр Меркель, Лука Имнадзе, Самсон Иеде, Марат Быстров, Максим Плотников және Микаэль Асқаров. Жігіттерді дебюттерімен құттықтаймыз!
Маусымның басталуымен баршаңызды құттықтаймыз! Келесі ойындарда кездескенше!