ҚПЛ-дағы мерейтойлы матч

07:30, 3/9/2026

ҚПЛ-дағы мерейтойлы матч
Кешегі кездесу орталық қорғаушымыз үшін ерекше мәнге ие болды – Зураб Тевзадзе Қазақстан Премьер-Лигасындағы 50-ші матчын өткізді! Зураның еліміздің жоғарғы дивизионындағы барлық ойындарын тек «Жеңіс» сапында өткізгені біз үшін ерекше мақтаныш. Осынау елу матчтың ішінде қорғаушымыз тек қорғаныстағы сенімділігімен ғана емес, шабуылдағы нәтижелі іс-қимылдарымен де көзге түсті: оның еншісінде 3 гол бен 2 нәтижелі пас бар. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Зураб 8 сары қағаз алып, алаңдағы ымырасыз күрескер екенін дәлелдеді. Зурабты осынау жетістігімен құттықтаймыз! Саған мықты денсаулық, жаңа белестер және «сары-қаралар» сапында бұдан да көп жеңісті сәттер тілейміз!