Кәсіби мансаптағы 300 матч

07:00, 3/9/2026

Кәсіби мансаптағы 300 матч
Өткен жексенбіде командамыздың шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе клубтық деңгейдегі 300-ші ойынын өткізіп, маңызды белесті бағындырды! Сондай-ақ, бұл кездесу оның Қазақстан Премьер-Лигасындағы 80-ші матчы ретінде тіркелді. Кәсіби мансабында Элгуджа өзін нәтижелі шабуылшы ретінде көрсете білді: оның еншісінде 71 гол бен 16 нәтижелі пас бар. «Сары-қаралар» сапында Элгуджа шабуыл шебінің басты күшіне айналып үлгерді. Ол клубымыз үшін 13 ойын өткізіп, 4 гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Шабуылшымызды осынау жетістігімен құттықтаймыз! Саған футболшы ретінде ұзақ ғұмыр, толағай табыстар және «Жеңіс» сапында жаңа жеңісті голдар тілейміз!