Жеңіс – КАМАЗ
11:00, 2/19/2026
Оқу-жаттығу жиынындағы оныншы спаррингтің фотошолуы. Ресейлік «КАМАЗ-бен» өткен кездесу 1:4 есебімен аяқталды.
Қорытынды матч ерекше форматта – әрқайсысы 30 минуттан тұратын төрт тайм бойы өтті. Ойынның алғашқы сағатында жаттықтырушылар штабы негізгі құрамға сенім артты. Бастапқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша ресейліктер минималды басымдықпен (0:1) алға шықты.
Матчтың екінші бөлігінде алаңға жақын резервтегі ойыншылар шықты. Өз тәрбиеленушілеріміздің нәтижелі шабуылы көңіл қуантты: жақында ғана негізгі командамен кәсіби келісімшартқа отырған Николай Горобченко мен Батыхан Камарадинов бірлесе гол соғып, таразы басын теңестірді. Өкінішке қарай, тең есепті сақтап қалу мүмкін болмады – «стандарттан» жіберілген доп пен қорғаныстағы екі қателік қорытынды жеңіліске алып келді.
Соңғы ойынның нәтижесіне қарамастан, жаттықтырушылар штабы жиынның қорытындысын оң бағалап отыр. ОЖЖ барысында барлық ойыншылар дерлік тең деңгейде ойын практикасын алды. Футболшылардың физикалық дайындығы мен ойын тактикасын жетілдіру бағытында орасан зор жұмыс атқарылды.
Бүгін команда елге оралады. Бірнеше күндік демалыстан кейін «сары-қаралар» дайындық процесін «Астана Аренада» қайта жалғастырады. Дәл осы жерде чемпионаттың басталуына арналған дайындықтың шешуші кезеңі өтеді.