Камарадинов пен Горобченко
07:00, 2/18/2026

«Жеңіс» футбол клубы жастар құрамының ойыншылары – Батыхан Камарадинов және Николай Горобченкомен 2029 жылға дейін келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялайды.
Батыхан мен Николай – елордалық футбол мектебінің түлектері. 2024 және 2025 жылғы маусымдарда жігіттер Қазақстанның Екінші лигасында жастар командамыздың намысын қорғап, негізгі құрамға лайық екендіктерін іс жүзінде дәлелдеді.
Клуб үшін бұл айтулы оқиға: команда қайта жаңғырған сәттен бастап алғаш рет өз тәрбиеленушілеріміз негізгі ұжыммен келісімшартқа отырып жатыр. Біз өз таланттарымызды дамытуға басымдық береміз және жігіттердің үлкен футболдағы жолы ұзақ әрі сәтті боларына сенеміз.
Батыхан мен Николайды негізгі құрамға өтулерімен құттықтаймыз! «Сары-қаралар» сапында жарқын матчтар, жеңісті голдар мен үлкен жетістіктер тілейміз!