Айдын Қожахмет Тұрсынбай туралы
05:00, 2/15/2026

Командамыздың бас директоры Айдын Қожахмет командамыздың жаңа ойыншысы Сағадат Тұрсынбай туралы пікір білдірді:
«Сағадат Тұрсынбай – таныстыруды қажет етпейтін ойыншы.
Ол Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер және қорғаныстағы бірнеше позицияны қатар жаба алады. Оның әмбебаптығы, атлетизмі мен ҚПЛ-дағы мол тәжірибесі біздің жаттықтырушылар штабының талаптарына толықтай сай келеді.
Сағадат «Жеңіс» сапында сапалы прогреске қол жеткізіп, құраманың негізгі құрамына нық орнығатынына сенімдімін. Құрамымызды осындай шебер футболшымен күшейткенімізге қуаныштымыз!»