Қош келдің, Сага!
04:00, 2/15/2026

«Жеңіс» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сағадат Тұрсынбаймен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлайды. Тәжірибелі әрі әмбебап қорғаушының келуі командамыздың қорғаныс шебін айтарлықтай күшейтпек.
Сағадат – шымкенттік футбол мектебінің түлегі. Ол өз мансабында «Ордабасы», «Тараз», «Тобыл», «Ертіс» және «Мақтаарал» секілді ұжымдарда өнер көрсетіп, Премьер-лиганың ең сенімді қорғаушыларының бірі ретінде танылды. Оның алаңды көре білу қабілеті, физикалық қуаты және стандартты жағдайларды орындаудағы ерекше шеберлігі «Жеңіс» клубының ойын өрнегіне жаңа серпін берері сөзсіз.
Сағадатқа сары-қара түсті жейдеде жарқын жеңістер мен табысты маусым тілейміз! Қош келдің, Сағадат!