Қош келдіңіз, Антон Борисұлы!
05:00, 2/14/2026

Антон Чичулин – «Жеңіс Жас» командасы бас бапкерінің көмекшісі!
Антон Борисұлы – клубымыздың аңызға айналған түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабын 2000 жылы дәл осы жерде бастап, туған командасына қатарынан 9 маусымын арнады. Осы уақыт ішінде қорғаушы 148 матч өткізіп, 11 гол соқты.
Туған командасының сапында Антон Чичулин екі дүркін ел чемпионы (2001, 2006) және екі дүркін Қазақстан Кубогының иегері (2002, 2005) атанды. Сондай-ақ оның активінде «Ақтөбе» құрамындағы алтын медальдар мен ел Суперкубогы бар. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 24 кездесу өткізіп, бір голдың авторы атанды.
Біз түлегіміздің клуб құрылымына қайта оралуына шын жүректен қуаныштымыз. Антон Борисұлына бапкерлік жолда үлкен жеңістер тілейміз. Үйіңе қош келдіңіз!