Жеңіс – ОКМК
13:00, 2/9/2026

Өзбекстандық ұжымға қарсы матч қос тараптың белсенді шабуылдарымен өтті. Бірінші таймда футболшыларымыз ойын басымдығына ие болғанымен, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Үзілістен кейін алаңға тағы да жастар мен қаралымда жүрген ойыншылар шықты. Екінші таймда ойын қарқыны бәсеңдеп, кездесу тіреске толы әрі ауыр сипат алды. Ал қарсылас біздің айып алаңымыздағы түсініспеушілікті сәтті пайдаланып, өз мүмкіндігін голға айналдыра білді.









