Айдын Қожахмет Меркель туралы

08:00, 1/30/2026

Айдын Қожахмет Меркель туралы
Командамыздың бас директоры Айдын Қожахмет командамыздың жаңа ойыншысы Александр Меркель туралы пікір білдірді: «Алекстің «Жеңіс» отбасына қосылғанына өте қуаныштымыз. Ол – деңгейі жоғары әрі тәжірибесі мол ойыншы. Оның елордаға келуі қаржы мәселесіне емес, таза спорттық мақсатқа негізделгенін нық сеніммен айта аламыз, өйткені оның жарқын мансабында бұдан әлдеқайда қомақты келісімшарттар болды. Біз оның жаттығу барысындағы еңбегін, ойынға тигізер әсерін, ұжымдағы қарым-қатынасын және ең бастысы – бойындағы жалындаған мотивациясын көріп отырмыз. Меркель алдағы маусымда командамыздың шешуші тұлғаларының біріне айналатынына сеніміміз кәміл!»