Қош келдің, Саша!

07:00, 1/30/2026

Қош келдің, Саша!
«Жеңіс» футбол клубы Александр Меркельмен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлайды. Александр – футболдағы мансабын Германияда бастап, «Милан» клубының жастар академиясында тәлім алды. Кейін Италияның негізгі командасында ойнауға мүмкіндік алды. Ол сондай-ақ «Дженоа», «Удинезе», «Грассхоппер», «Хераклес» және басқа да бірнеше еуропалық клубтарда өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы сапында Александр Меркель 2015 жылдан бастап ойнап, ел намысын халықаралық жарыстарда қорғады. Оның алаңды көре білу қабілеті, физикалық қуаты және стандартты жағдайларды орындаудағы ерекше шеберлігі «Жеңіс» клубының ойын өрнегіне жаңа серпін берері сөзсіз. Александрға сары-қара түсті жейдеде жарқын жеңістер мен табысты маусым тілейміз! Қош келдің, Саша!