Рақмет, жігіттер!
07:00, 1/26/2026

«Жеңіс» футбол клубы Матия Ром, Дінмұхаммед Жомарт, Всеволод Садовский және Дінмұхамед Қараманның командадан кеткенін хабарлайды.
Матия Ром өзбекстандық «Хорезм» клубының сапына ауысты. Матия біздің ұжымда 2024 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп, 60 матч өткізді. Ол бір гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Дінмұхаммед Жомарт «Каспий» футбол клубына ауысты. Өткен маусымда Димаш 3 матчқа қатысты.
Всеволод Садовский мен Дінмұхамед Қараман қазіргі уақытта басқа командаларда қаралымда жүр. Сева команда сапында 8 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Димаш «Жеңіс» жейдесінде 24 матчқа қатысып, 4 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ, ол біздің командада жүріп Қазақстан Ұлттық құрамасында дебют жасады.
Біз жігіттерге көрсеткен жоғары кәсібилігі мен жеңіске деген құштарлығы үшін алғыс айтамыз және олардың алдағы мансабына сәттілік тілейміз!


