Жаңа бас бапкеріміз
09:00, 12/20/2025

Қош келдіңіз, Әли Ханалыұлы!
Елордалық «Жеңіс» футбол клубының тізгінін тәжірибелі маман Әли Әлиев ұстады!
Әли Әлиев өзінің мінезімен, тактикалық шеберлігімен және қазақстандық футболдағы үлкен тәжірибесімен белгілі. Біз бапкерімізбен бірге жаңа белестерді бағындыруға және жанкүйерлерімізді жарқын жеңістермен қуантуға дайынбыз!
Біздің ортақ мақсатымыз — «Жеңістің» даңқын асыру! Бапкерге сәттілік пен толағай табыстар тілейміз.