Рақмет, Сағи!
08:00, 12/21/2025

Сағи Совет «Қайсар» футбол клубына ауысты.
Сағи «Жеңіс» футбол клубы сапындағы өнер көрсетуін аяқтады. Екі маусым ішінде қорғаушы команданың вице-капитаны әрі қорғаныс шебінің көшбасшысына айналып, барлығы 52 матчқа қатысты және 6 нәтижелі пас берді. Сағи «сары-қаралар» құрамында жүріп, Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алып, кәсіби мансабындағы маңызды белесті бағындырды.
Біз Сағи Советке көрсеткен жоғары кәсібилігі мен жеңіске деген құштарлығы үшін алғыс білдіреміз және алдағы спорттық мансабына сәттілік тілейміз!