Маусым үшін рахмет!
14:00, 10/26/2025

Маусым үшін рахмет!
Достар, осы тамаша маусым үшін барлық жанкүйерлерге, бапкерлер штабына, әкімшілікке, команда ойыншыларына және қатысы бар әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамыз!
Бұл маусым есте ұзақ қалады! Себебі, біз Қарағандыда өткізген бір маусымнан кейін ақыры үйге оралдық, Қазақстан Кубогының жартылай финалына дейін жеттік және чемпионат көшбасшыларына қарсы ұмытылмас жеңістерге қол жеткіздік.
Әрине, өкінішті сәттер де, ренжітетін жеңілістер де болды, бірақ олар бізді шыңдады! Келесі маусымда біз одан да көп жетістікке жететінімізге сенімдіміз!
Бізбен бірге болыңыздар, алға «Жеңіс»!






