Жеңіс 3:1 Жетісу
17:00, 7/13/2025

Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясындағы «Жетісу» футбол клубына қарсы матч біздің пайдамызға 3:1 есебімен аяқталды.
Командамыздың құрамындағы голдарды Аслан Әділ, Дінмұхамед Қараман және Ардақ Сәулет соқты. Аслан Әділ матчтың 31-минутында Асхат Балтабековтің пасынан кейін есеп ашты. Дінмұхамед Қараман 41-минутта қарсылас қақпасына пенальтиді дәл орындап, командамыз сапындағы алғашқы голын соқты. Ардақ Сәулет матчқа нүкте қойып, 61-минутта өз алаңынан жеке өтіп гол соқты.
Матч хаттамасымен танысып, фотосуреттерді «Матчтар» бөлімінен көре аласыздар.