Рақмет, Крис!
07:00, 7/9/2025

«Жеңіс» футбол клубы мен Кристиан Новак арасындағы келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды.
Крис біздің команда сапында 2024 жылғы маусым басынан бастап өнер көрсетті, барлық турнирлерде 40 матч өткізді және бірқатар ойындарда команданы алаңға капитан ретінде бастап шықты. Крис біздің команда сапында соңғы рет 2025 жылдың 24 мамырында «Астанаға» қарсы ойында алаңға шықты. Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздерден кейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданды.
«Жеңіс» футбол клубы Кристианға командаға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және мансабында сәттілік тілейді!