Қош келдің, Дархан!

07:00, 7/8/2025

Қош келдің, Дархан!
21 жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Дархан Бердібек «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды! Дархан 2004 жылы Ақтауда дүниеге келді. «Каспий» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы «Каспийдің» жастар командасы сапында бастады, ал 2022 жылдың 20 тамызында Премьер-лигада негізгі команда үшін дебют жасады. 2024 жылдың жазында «Ақтөбе» жастар командасына ауысты, ал 2025 жылдың басында негізгі командамен келісімшартқа отырды. Біздің жас жартылай қорғаушымыз екі клубтың құрамында Премьер-лигада барлығы 33 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Дархан жыл соңына дейін командамызға жалға берілді. Қош келдің, Дархан!