Қош келдің, Элгуджа!

07:00, 7/3/2025

Қош келдің, Элгуджа!
32 жастағы грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды! Элгуджа Тбилисидің «ВИТ Джорджия» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2012 жылы туған клубының құрамында бастады. Сондай-ақ Грузияның «Динамо Батуми», «Шукура» және «Рустави», Ресейдің «Оренбург», Қытайдың «Мэйчжоу» және «Хэйлунцзян» клубтарында ойнады. Біздің жаңа ойыншымыз Қазақстанда да ойнаған: 2019-2023 жылдар аралығында Элгуджа «Тараз», «Қайсар», «Тобыл» және «Қызыл-Жар» клубтарында өнер көрсетті. Премьер-лигада барлығы 68 матч өткізіп, 26 гол соқты. «Динамо Батуми» сапында Грузия Суперкубогының иегері, сондай-ақ «Тобыл» сапында Қазақстан чемпионы және Қазақстан Суперкубогының иегері. Элгуджаның соңғы клубы Өзбекстан Суперлигасында өнер көрсететін «Қызылқұм» болды. Навои клубының сапында 26 матч өткізіп, 11 гол соқты. Қош келдің, Элгуджа!