Рақмет, Гонсалу!
07:00, 6/13/2025

«Жеңіс» футбол клубы мен Гонсалу Тейшейра арасындағы келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды.
Гонсалу біздің команда сапында төрт ойынға қатысты. Өкінішке орай, денсаулығына байланысты ойыншымыз өз әлеуетін толық көрсете алмады.
Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздерден кейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданды.
«Жеңіс» футбол клубы Гонсалуға командаға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және мансабында сәттілік тілейді!