Аруларымыз ұлттық құрамада
07:00, 5/23/2025

Біздің қорағушымыз Аделия Бекқожина және команда дәрігері Айдана Рамазанова Қазақстан әйелдер құрамасына, ал жартылай қорғаушыларымыз Айсана Зекен, Айзере Мұратжан, қақпашымыз Дидар Нәкен және қақпашылар бапкері Мәдина Шойкина Қазақстан WU19 әйелдер құрамасына шақырылды.
Әйелдер кұрамасы 23 мамыр мен 4 маусым аралығында оқу-жаттығу жиыны аясында Қырғызстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді, одан кейін Лихтенштейн және Люксембург құрамаларымен ресми ойындарда кездеседі.
WU19 әйелдер кұрамасы 26 мамыр мен 4 маусым аралығында оқу-жаттығу жиыны аясында Өзбекстан WU20 құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.
Сәттілік, қыздар!