Қош келдің, Жиан!

07:00, 5/2/2025

Қош келдің, Жиан!
32 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Дос Сантос Мартинс «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды! Жиан өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы португалиялық «Санжоаненсе» клубында бастады. Сондай-ақ португалиялық «Униао Мадейра» және «Пасуш де Феррейра» командаларында ойнады. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан чемпионатында «Тараз», «Оқжетпес», «Атырау» және «Қызыл-Жар» футбол клубтарының сапында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-лигасында 97 матч және Қазақстан Кубогында 8 матч өткізді. Біздің жаңа ойыншымыздың соңғы клубы Израильдің жоғары дивизионында ойнайтын «Ирони» болды. Қош келдің, Жиан!