Қош келдің, Мика!
04:00, 5/2/2025

32 жастағы испаниялық шабуылшы Мигель Анхель Хунко Мартинес «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды!
Мика испаниялық «Райо Кантабрия» футбол клубының түлегі. Испаниялық «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, ойыншы камбоджалық «Свайриенгте», малайзиялық «Негри-Сембиланда» және финляндиялық «КТП-да» өнер көрсетті. Финляндиялық «КТП» командасымен бірге Финляндияның Жоғарғы дивизионына шығып, 2022 жылғы маусымның үздік бомбардирі және үздік ойыншысы атанды.
Қош келдің, Мика!