Қош келдің, Якоб!
07:00, 3/11/2025

27 жастағы словениялық жартылай қорғаушы Якоб Новак «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды!
Якоб cловениялық «Олимпия» футбол клубы академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 17 жасында 2015 жылы «Олимпия» құрамында бастады. Сондай-ақ, Словенияның «Рудар» және «Целе», түркиялық «Болуспор» және румыниялық «Оцелул» клубтарында ойнады. 2023 және 2024 жылғы маусымдарда «Атырау» құрамында өнер көрсетті. Премьер-лигада 46 матч, Қазақстан Кубогы мен Лига Кубогы аясында 10 матч өткізіп, оларда 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Словенияның жастар құрамаларының бұрынғы ойыншысы. Еурокубоктарда ойын тәжірибесі бар және «Олимпия» мен «Целе» сапында Словенияның екі дүркін чемпионы.
Якоб Новак біздің командада жалға ойнайды.
Қош келдің, Якоб!