Дінмұхамед Қараман

13:00, 1/15/2025

Дінмұхамед Қараман
24 жастағы жартылай қорғаушы Дінмұхамед Қараман «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды! Дінмұхамед 2000 жылы 26 маусым күні Тараз қаласында дүниеге келген. Ол тараздық футбол мектебінің түлегі. Кәсіпқой жолын 2019 жылы «Тараз» футбол клубында бастаған. Өз туған командасынан басқа «Ақсу» және «Жетісу» клубтарында өнер көрсетті. Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасына шақырылған. Қош келдің, Дінмұхамед!