Оқу-жаттығу жиыны

07:00, 1/15/2025

Оқу-жаттығу жиыны
17 қаңтар күні команда Анталияға бағыт алады. Жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындары 17 қаңтардан 16 ақпанға дейін өтеді. Жиын барысында 5 жолдастық матч өткізу жоспарланған. Жиынға баратын футболшылардың тізімі кейінірек жарияланады. Оқу-жаттығу жиыны аясында жоспарланған жолдастық кездесулердің күнтізбесі: 26.01 – Спартак (Кострома, Ресей) 30.01 – Добруджа (Добрич, Болгария) 08.02 – Кубань (Краснодар, Ресей) 12.02 – Торпедо (Мәскеу, Ресей) 16.02 – Химки (Химки, Ресей) Жолдастық кездесулердің тікелей көрсетілімін ойындар қарсаңында жариялаймыз!