Қош келдің, Хамза!

07:00, 7/19/2024

Қош келдің, Хамза!
U-19 Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Хамза Мұхаметәлі «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды! 18-жастағы жартылай қорғаушы Хамза Мұхаметәлі біздің командаға Бірінші лигада өнер көрсететін «Хан-Тәңірі» футбол клубынан көшті. Хамза «Жас Қыран» футбол орталығының түлегі. Өткен маусымда ол QJ League-та алматылықтардың жастар құрамасы сапында өнер көрсетті: 20 матч өткізіп, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Осы маусымда Хамза «Хан-Тәңірі» футбол клубымен алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды. Бірінші лигада 11 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. U-17 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 6 кездесу өткізді. Қазіргі уақытта U-19 Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы. Қош келдің, Хамза!