Рақмет, капитан!

07:00, 7/12/2024

Рақмет, капитан!
«Жеңіс» футбол клубы мен Ринат Хайруллин арасындағы келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Рина өзінің туған командасының құрамында 96 матч өткізді, оның 77-де капитан ретінде өнер көрсетті! Командадағы 5 маусымның ішінде капитанымыз 6 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Ринат екінші лигадан ҚПЛ-ға дейін командамен бірге қиын жолды өтіп, елордалық жанданған командасының бірінші капитаны болып мәңгі қалады! Ринатқа командаға қосқан орасан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз және мансабында сәттілік тілейміз! Рахмет, кэп!