Қош келдің, Бруно!

09:30, 7/5/2024

Қош келдің, Бруно!
Португалиялық шабуылдаушы жартылай қорғаушы Бруно Силва «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды! Бруно «Брага» футбол клубы академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 2014 жылы бастады. Ол әртүрлі португал футбол клубтарында ойнады. Жартылай қорғаушымыздың соңғы клубы Португалия екінші дивизионында өнер көрсететін «Ланк Вила-Верди» футбол клубы болды. Қош келдің, Бруно!