Біздің басты мақсатымыз

14:30, 7/2/2024

Біздің басты мақсатымыз
«Жеңіс Жас» ФК бас бапкері Илья Александрұлы Меланич клубымыздың жастар құрамасы туралы: – Сәлеметсіз бе! Көптен бері айтқым келеді, бірақ уақыт жеткіліксіз. Сонымен, 2006 жылы туылған «БЖМОРСМ № 8» КММ Мадияр Арманұлы Мұхаметжановпен (ескерту: «Жеңіс Жас» ФК бас бапкерінің көмекшісі) 14 түлектеріміз «Жеңіс» ФК-мен алғашқы кәсіби келісімшартқа отырды. Қазір олар Қазақстанның Екінші лигасында өнер көрсетіп жүр, онда футбол орталықтарында тәлім алған балалар ойнайды. Түсіндірейін: футбол орталықтарында 25-30 адам іріктеледі, ал БЖМОРСМ-де барлығын қабылдайды, оларды оқудан шығаруға болмайды, барлығы тартылады. 8 жыл еңбек еткенде Мадияр Арманұлымен 120 адам топтастық! Олардың көпшілігі «Астана» футбол орталығына түсе алмады, бірақ «Жеңіс» футбол клубының арқасында қазір көп нәрсе жақсарды және жігіттер еліміздің жоғарғы дивизионында ойнауға мүмкіндік алды! Әзірге ұтылып жатырмыз, бірақ біз команданың негізгі өзегін 2003-2005 жылы туған жігіттер құрайтын командаларға қарсы ойнайтынымызды атап өткім келеді. Сонымен қатар, бізде әр ойында алаңға 2006 жылы туған кем дегенде 7 адам шығады! Жеңістеріміз алда деп есептеймін. Бірақ біздің басты мақсатымыз – бірден табысқа жету емес, Қазақстан Премьер-лигасына, мүмкін еліміздің ұлттық құрамасына түлектерімізді барынша көптеп шығаруға тырысу!