Қош келдің, Георгий!

12:00, 7/4/2024

Қош келдің, Георгий!
Грузиялық шабуылшы Георгий Панцулая «Жеңіс» ФК қатарына қосылды! Георгий кәсіби мансабын 2011 жылы Кутаисидің «Торпедо» футбол клубының құрамында бастады. Ол Грузияның әртүрлі футбол клубтарында ойнады. Грузияның жоғарғы дивизионында және Грузия Кубогында 260-тан астам матч өткізіп, 86 гол соғып, 33 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда ол «Каспий» сапында 14 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Еурокубоктарда 20-дан астам матчқа қатысып, 3 гол соққан. 2021 жылғы маусымда Батумидің «Динамо» ФК құрамында Грузия чемпионы болып атанды. Грузияның жастар құрамаларында өнер көрсетті. Қош келдің, Георгий!