Тұран vs. Жеңіс

06:00, 8/31/2023

Тұран vs. Жеңіс
Турдың орталық матчы! Командалардың биылғы маусымда ғана емес, тарихтағы екінші кездесуі. Ертеңгі ойын шиеленісті болады, өйткені соңғы турда біз де, "Тұран" да өз кездесулерінде жеңімпазды анықтай алмай, маңызды ұпайларды жоғалттық. Екі командаға да жеңіске жету керек, екеуіне де алдыңғы қатардағы команданы қуып жетіп, ең жақын қуғыншыдан алшақтықты арттыруы керек. Бірінші Лиганың 8 туры аясында өткен бірінші ойында біз 2:5 есебімен жеңілген едік. Біздің құрамадағы голдарды Торнике Дзебниаури мен Па Омар Джоб соқты. "Тұран" соңғы 5 ойында: ⚪🟢🔴🟢🟢 47 ұпаймен "Тұран" чемпионатта екінші орында орналасты: 19 жеңіс, 2 тең ойын және 2 жеңіліс (екеуі де "Елімайға" қарсы), доп айырмасы – 58-18. Түркістандықтар бізден 6 ұпайға озып, бір қосымша ойыны бар. Бізден 5 ұпайға қалып келе жатқан ең жақын қуғыншымыз "Ақжайық" өз алаңында "Қайрат-Жастар" ФК қарсы ойынын өткізеді. Матчтың төрешілер тобы: - бас төреші – Михаил Билдинов (Қарағанды); - ассистент – Айдос Оразбеков (Алматы); - ассистент – Бақытжан Жолдас (Алматы); - қосалқы төреші – Илашбек Орунбаев (Шымкент); - инспектор – Асқар Сереков (Қызылорда).