РУС
ҚАЗ

Трансферлар

, 3/16/2023

Трансферлар
Трансфер терезесі әлі жабылған жоқ, бірақ қазірдің өзінде аралық нәтижелерді қорытындылауға болады. Командамыздан Данияр Плотников пен Рашид Люхайдан басқа клубтарға ауысып кетті. Данияр Плотников "Елімай" ФК-на ауысты. Даня біздің командамыздың сапында 2 маусым өнер көрсетті. 2021 жылы Екінші Лиганың қола жүлдесін жеңіп алуға және өткен маусымда Бірінші Лигадағы позициямызды нығайтуға көмектесті. Клуб сапында 37 матчта өткізді. Рашид Люхай "Хан-Тәңірі" ФК-на ауысты. Өткен маусымда Рашид біздің команда сапында 23 ойын өткізіп, бір гол соқты. Маусым үшін рақмет, жігіттер, және сәттілік! Енді жаңа ойыншыларымыз. Мирас Амантаев – жартылай қорғаушы, “Оңтүстік” академиясы" ФК түлегі. 2021 жылы Бірінші Лигада “Оқжетпес” ФК сарында дебютін жасады, 41 кездесуде 2 гол соқты. Еліміздің жастар құрамаларында 7 кездесу өткізген. Маусымның соңына дейін жалға алынды. Нұрбол Ануарбеков – шабуылшы, "Екібастұз" ФК түлегі. 2015 жылы Бірінші Лигада дебютін жасады, 108 кездесуде 13 гол соққан. 2022 жылы "Қайсар" ФК ауысты, 28 ойында 3 гол соқты. Дархан Дюсембеков – болашағы зор жас қорғаушы. 2003 жылы туған, бойы – 183 см, салмағы – 77 кг. Омбы футболының түлегі. Өткен маусымда ол "Астананың" жастар құрамасына шақырылған болатын, бірақ олар үшін алаңға шықпай, бізге көшуді жөн көрді. Никита Лактионов – жартылай қорғаушы. Оңтүстік Кореяның Сувон қаласының тумасы, мәскеулік ЦСКА академиясының түлегі. Ресейде "Строгино" мен "Родинада" ойнап, 2021 жылы "Ақтөбеге" ауысып 3 ойынға қатысты. Алмас Сапаргалиев – тәжірибелі жартылай қорғаушы, 1993 жылы туған. "Восток" ФК-ның түлегі (Аслан Джанузаковпен бірге жаттықты). "Восток", "Қызыл-Жар", "Ақтөбе", "Алтай" және "Тараз" командаларында өнер көрсеткен. Алдияр Жумабаев – қақпашы, 2001 жылы туған. Алдияр 2021 жылғы маусымда біздің командада ойнап үлгерді. 2022 жылы "Super Bol!" мүшесі болып және финалға дейін жетіп, ол "Қызыл-Жар" ФК-мен келісімшартқа отырды. Енді, міне, жас қақпашы біздің команданың лагеріне қайта оралды. Қош келдіңіздер, жігітер!