Ертең маусымның алғашқы ойыны!

09:00, 3/16/2023

Ертең маусымның алғашқы ойыны!
Біз қайта жаңарған "Елимай" ФК-на қарсы ойнаймыз, бұл ойын семейліктер үшін бірінші ресми матч болмақ. Дегенмен, бәсекелестігіміздің тарихы бай. Оған қысқаша тоқталайық. "Елімайға" қарсы ойын саны қазақстандық командалармен кездесулер саны бойынша біз үшін рекордтық көрсеткіш – жалпы командалар арасында 93 ойын ойналды. Бірінші ойын 1968 жылы 26 маусымда өтті. Жоғарғы Лига аясында командалар бір-бірімен соңғы рет 2004 жылы ойнаған. Семейде өткен 6-турдың матчында біз 1-2 есебімен жеңдік (Лунев, Хохлов). 33-ші турда өз алағымызда тағы да жеңіске жеттік – 2-0 (Георгиев, Рымшин). 2009 жылы 27 мамырда Бірінші Лига аясында алғашқы ойын өтті. 6-шы турында біздің құрамаға жеңісті Воинов пен Кузнецовтың дәл соққылары әкелді, ал сол кездесуде командамыздың бас бапкері Игорь Геннадьевич Свечников болды. 2012 жылдың 14 қыркүйегі – біздің қарсыласымызды соңғы жеңген күні – 25 тур, 2-0, Гейсар Алекперзаде мен Сабырхан Ибраев гол соқты. 2013 жылдың 17 тамызында командалар бір-бірімен соңғы рет ойнады – 0:0. Сол ойында біздің қазіргі құрамнан алаңға Ринат Хайруллин мен Михаил Аубакиров шықты, Миша үшін ол дебюттік ойын болған! Ал ертең біз қайтадан алаңда кездесеміз және бізге сіздердің қолдауларыңыз керек – тек "Жеңіс"!
Ертең маусымның алғашқы ойыны!
Ертең маусымның алғашқы ойыны!
Ертең маусымның алғашқы ойыны!