Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жеребесі тартылды

06:00, 2/13/2023

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жеребесі тартылды
15 наурызда Шымкент қаласында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының бастапқы кезеңі өтеді. Аталмыш кезеңде Бірінші және Екінші Лигалардың 16 өкілі негізгі кезеңге қатысуға мүмкіндік беретін екі жолдама үшін таласады. Бастапқы кезеңде 16 команда 4 топқа бөлінді. Топтардың жеңімпаздары плей-офф кезеңінде бір-бірімен кездесіп, жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатына қатысушы 14 командаға қосылатын екі клубты анықтайды. Біз "В" тобындамыз. Топтағы қарсыластарымыз "Тараз", "Арыс" және "Елімай" болды. Біздің топтың жеңімпазы Кубоктың негізгі кезеңіне жолдама үшін "D" тобының жеңімпазымен кездеседі. OLIMPBET-Кубоктың 1/8 кезеңінен бастап қатысушылар өзара екі матч өткізеді. Жұптардағы алғашқы ойын рейтингте орны жоғары команданың алаңында өтеді. Бастапқы кезеңнің күнтізбесі қосымша жарияланады.