Кеше "Жас батыр" стадионында жаттығу өткіздік

10:00, 7/22/2022

Кеше "Жас батыр" стадионында (бұрынғы "Локомотив") жаттығу өткіздік. Бір кездері біздің команда өз ойындарын осы стадионда өткізді, ал 1999-ші жылдың 27-ші қарашасында біздің команда шымкенттік "Жігер" командасына қарсы 28-градустық аязда ойнаған болатын. Келген көрермендер 9 голдың куәсі болды, олардын ішінде 2 гол қонактар соқты. 2-ші минутта қонақтар есеп ашты, бірақ 2 минуттан кейін Виталий Раздрогин нәтижені теңестірді, содан кейін біздің шабуылшы тағы 3 гол соғады. Қалған 3 допты біздің командамызда Байрамов, Дурдыев пен Петренко соқты. Сонымен қатар, Петренко осындай аязда спорттық трикосыз ойнады.