100-ші сапар!

06:00, 8/5/2021

100-ші сапар!
1:5 есебімен біздің жеңісімізбен аяқталған Екінші Лиганың 13 туры аясындағы «Рузаевкаға» қарсы ойында біздің адал жанкүйерлеріміз «Legion Ultras» жігіттері өздерінің 100-ші сапарын жасады! Ойынның дүйсенбі күні өткеніне, оның үстіне, өз үйінен 1200 шақырым қашықтықтағы алыс жер болғанына қарамастан 33 адамнан құралған командамыздың жанкүйерлер тобы қаламыздың тарихындағы ең ірі фанаттар сапарын ұйымдастырды. Өйткені, 6 жылдық үзілістен кейін үлкен футболға қайта оралып, Екінші Лигада доп теуіп жатқан «Жеңіс» футболшыларына дәл қазір жанкүйерлерінің қолдауы ауадай қажеттілігін фанаттар жақсы түсінеді! Бір айта кетерлігі, фанаттардың басым бөлігі жұмысбасты, өздерінің отбасылары бар, бала-шағасын бағу керек. Дегенмен, командаға қолдау мәселесіне келгенде ешқайсысы да аянып қалмайды. «Жеңіс» олардың өмірінен ерекше орын алады! Барлық адал жанкүйерлерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз! «Жеңіс» – бұл Сіз!
100-ші сапар!
100-ші сапар!
100-ші сапар!
100-ші сапар!